Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 6 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

6 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-News.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 6 мамыр күні ел тарихында орын алған атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесін ұсынады.
Халықаралық диетаға қарсы күн

Бұл күннің идеясы қоғамда қалыптасқан таптаурындардың жетегіне ермей, өз-өзін жаратылған қалыпта қабылдауға негізделген. Бұл күн салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Алғаш рет Халықаралық диетаға қарсы күн 1992 жылы Ұлыбританияда аталып өтті. Кейін бұл бастаманы АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Израиль, Дания, Бразилия және басқа елдердің феминизмді жақтаушылары қолдады.

1998 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды.

2003 жылы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті.

2003 жылы Астанада «Халықтар достығы» ескерткіші ашылды. Авторы - Сәкен Нарынов.

2015 жылы
Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан құрылған пошталық блок пайдалануға енгізілді. «Естелік және мерейтойлық даталар» топтамасындағы әрбір марканың атаулы құны 200 теңгені құрайды.

1936 жылы
6 мамырда жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ілия Жақанов дүниеге келді.
06 мамыр 2019 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области