Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге 60,1 млн теңге бөлінді

Қызылорда стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге 60,1 млн теңге бөлінді

Kyzylorda-news.kz. Пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекциямен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд-тан астам теңге бөлінді.
Қаражатты бөлумен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айналысады. Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өткендей, 3 айда 1,1 млрд теңге жұмсалған, ал 1,2 млрд теңге қорда тұр. Сонымен қатар коронавируспен күресетін медициналық мекемелерге қосымша 700 млн теңге бөлінді.
"Біздің қор" Covid-19" індетімен күресу үшін медициналық мекемелерге қаржылық қолдау көрсетеді. Пандемияға байланысты филиал өз қызметін ең алдымен коронавирусқа қарсы күреске жедел түрде ұйымдастырады. Наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясымен күрес бойынша барлық іс-шараларды, оның ішінде осы бағытта жұмыс істейтін дәрігерлер үшін қаржылай ынталандыру қор арқылы өтелді», - деді ол.
Коронавируспен күрес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді, яғни пациенттерді емдеу және тест тапсыру тегін жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатқа қор қажетті қаражат бөлді, бірақ медициналық мекемелер ауруды жұқтырғандардың күрт өсуіне дайын болмады.
«Пневмония» немесе «Covid-19» диагнозына қарамастан пациенттер бүгінгі күні ТМККК қаражаты есебінен емделеді, яғни азаматтардың сақтандырылуы мәселесі өзекті емес. Біздің тарапымыздан қаржыландыруда өзекті мәселелер жоқ. Біз ай сайын ақша бөлеміз. Азаматтарды тегін тестілеу, жергілікті жерлерде тегін көмек көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырады. Мұның бәрі облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен орталық уәкілетті органның құзырында", - дейді Бақыт Исмаханбетов.
Бұдан басқа, қор ПТР тестілеу үшін қомақты қаражат бөлді. Аймақтың стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге шамамен 60,1 млн теңге қаржы бөлінген. Оның 43,5 млн теңгесі игерілмеген.Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 21 ұйымға 153 млн теңге бөлінді.
Спикердің айтуынша, тегін тестілеуді өткізуге тиісті орталықтар қазіргі туындаған жағдайға қауқарсыз болып отыр. Сондықтан халықтың басым бөлігі ақылы орталықтарда тест тапсыруға мәжбүр болды.
16 шілде 2020 ж. 138 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области