Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 42 500 теңге: Төлемге өтінімдер қабылдау басталды

42 500 теңге: Төлемге өтінімдер қабылдау басталды

Kyzylorda-news.kz.Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды.

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады.
Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.
Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.
Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық «42 500 теңге» төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.
Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- telegram-bot-тар;
- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
17 шілде 2020 ж. 174 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области