Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Twitter құпиясөзді өзгерткен аккаунттарды бұғаттап жатыр  

Twitter құпиясөзді өзгерткен аккаунттарды бұғаттап жатыр  

Kyzylorda-news.kz. Twitter әлеуметтік желісі күдікті аккаунттарды бұғаттауға кірісті. Компанияның ресми парақшасында соңғы бір айдың ішінде құпия сөзін өзгерте берген аккаунттар күмән тудырады делінген.

Таяуда хаккерлер танымал адамдардың жеке парақшасын бұзып биткоиндарды жинаған. Біреудің парақшасы арқылы халықты алдап шотқа аударылған биткоиндар екі есе қайтарылады деп уәде еткен. Барак Обама, Илон Маск, Билл Гейтс, рэпер Канье Уэст пен өзге де әйгілі адамдардың атынан жарияланған мұндай твиттер ғаламтор желісінде лезде тарады.

Қарақшылар Apple мен Uber алпауыттарының атынан да хабарландыру жіберген. Алаяқтардың құрығына іліккен шамамен 400 адам шотқа 120 мың доллар қаражат аударды. Оқиғаға қатысты Сан-Францисконың федералды тергеу бюросы қылмыстық іс қозғады.

Мамандардың айтуынша, хакерлер экс-шенеуніктер мен миллиардерлердің жеке хаттарын да оқып үлгерген болуы мүмкін.

17 шілде 2020 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области