Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы түзету мекемесінде 50 мың маска тігілді

Қызылордадағы түзету мекемесінде 50 мың маска тігілді

Kyzylorda-news.kz. Елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер да өз үлестерін қосып, бетперде тігіп жатыр.
Бұл бетперделерді ЗК-169/5 мекемесінің аумағындағы РМК «Еңбек- Қызылорда» филиалының тігін цехында арнайы кәсіби білімі бар жазасын өтеушілер тігуде. Қазіргі таңда 45-ке жуық сотталған екі ауысымда бетперде тігіп жатыр. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бері 50 мыңға жуық көпреттік медициналық маска тігілді.
Әр сотталушы әуел баста 5-10 маска шығарса қазір күніне 50-60 бетперде әзірлейді. Ал тәулігіне 2 мың дана тігіледі. Медициналық маскалар облыстағы мекемелердің тапсырысы негізінде дайындалып жатыр. Мұнан бөлек жазасын өтеп жатқандардың да қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, арнайы қорғаныс заттары беріледі.
ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Асқар есімді азамат тігінші мамандығын оқып, дипломын алған. Бүгінде мекеменің өндірістік аумағындағы «Тігін цехында» жұмыс істейді.
«Осындай қиын уақытта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халыққа қолымен келген көмегімді аянып жатқаным жоқ. Бір масқаны тігу үшін небәрі 5-10 минут уақыт кетеді. Күніне 50 дана бетперде тігемін. Айлық жалақымызды уақытылы алып отырмыз. Еліміз осы індетті жеңіп, мен де отбасыма аман есен оралсам деймін »- дейді Асқар.
20 шілде 2020 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области