Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда қызметтік көліктер жедел-жәрдем қызметін атқарып жатыр

Қазалыда қызметтік көліктер жедел-жәрдем қызметін атқарып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қазалы ауданының әкімдігіне қарасты 35 қызметтік көлік жергілікті медициналық мекемелерге қосымша көлік ретінде көмек көрсетіп жатыр.
«Қазіргі эпидимеологиялық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Соған байланысты осындай қадамға барып отырмыз. Енді дәрігерлер шұғыл шақыртуларға жедел бара алады. Осылайша «басы ауырып, балтыры сыздаған» жандарға медициналық көмек көрсетеді», – дейді Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Қайруллаев.
Ауылдық округ әкімдерінің қызметтік көліктері дәрігерлік амбулатория алдында жұмыс уақытында тұрса, Қазалы қаласындағы емхана мен Әйтеке би кентіндегі аудандық емхана мен «Болат жолы» ауылдық емханасына дербес бөлім басшылары мен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімдерінің көліктері тегін қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекемелерге 3 қызметтік автокөлік кезекшілікке қойылған. Тек дәрігерлерден хабар келсе, автокөліктер жедел көмекке жетіп барады.
22 шілде 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области