Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жанкент ауылында амбулаториялық емхана ашылды

Жанкент ауылында амбулаториялық емхана ашылды

Бүгін Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округіне қарасты Жанкент ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ашылуына аудан әкімі М.Ергешбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары О.Искаков, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Қонақтар жаңа нысанның ішкі құрылымымен танысып, соңғы үлгідегі медициналық құрылғымен жабдықталған амбулатория ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ауылдық емхананың сыйымдылығы 10 орындық. Дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер және 9 медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Ғимарат 1 қабаттан, 1 блоктан (43 бөлімшеден) тұрады.


04 қаңтар 2019 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области