Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалының тағы бір ауылында саябақ ашылды

Қазалының тағы бір ауылында саябақ ашылды

Қазалы ауданының тағы бір ауылында орталық саябақ ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жаңа саябақ ауданның Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында ел игілігіне берілді.
Орталық алаңның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Жылу ХХІ» ЖШС. Саябақта тағзым алаңы мен балалар ойын алаңы, ашық сахна және басқа да көрікті жерлер бар.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ақсуаттық тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, ел игілігі жолында атқарылар жұмыстардың толастамайтынын тілге тиек етті.
Ауылға көрік берген саябақтың ашылуына ауыл тұрғындары дән риза.
Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданына қарасты Қашақбай Пірімов ауылында орталық саябақтың ашылғанын хабарланған болатын.



12 желтоқсан 2018 ж. 834 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области