Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қашақбай Пірімов ауылында орталық саябақ ашылды

Қашақбай Пірімов ауылында орталық саябақ ашылды

Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне қарасты Қашақбай Пірімов ауылында жаңадан салынған орталық саябақ ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындарына жаңа саябақтың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта елді мекенге көрсетілер көмектің жалғасатындығын айтып өтті. Сондай-ақ аудан басшысы мердігер мекеме «ҚазалыСтройСервис» ЖШС-інің жұмысына өзінің оң бағасын берді.
Сонымен қатар ауыл тұрғыны, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Б.Нұршабаев аудан басшысына халық атынан алғысын айтты.
Саябақтың ішіне жиналған қауым алдымен Тағзым алаңына беттеді. Одан кейін спорт алаңы және балалар ойын алаңдарымен танысты. Сонымен қатар саябақ ішіне сахна орнатылып, арыстан, бүркіт, барыстың мүсіндері қойылып, брусчатка төселген.
Халықтың демалыс орнына айналатын орталық саябаққа ауыл тұрғындары дән риза.
11 желтоқсан 2018 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области