Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛАДЫ

ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛАДЫ


    Сәрсенбі күні Қазалы ауданындағы Жалаңтөс батыр ауылында ауылдық клуб пайдалануға беріледі. 150 орындық клуб құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бас мердігер: «Болашақ» ЖШС салған ғимарат ауласында трансформатор қондырғысы, дизельді электр станциясы, бу қазандығы, автотұрақ орналасқан. Жалпы ауданы 680 шаршыметр болатын жаңа ғимаратта көрермендер залы,  үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы, гардероб  қарастырылған. Клубта ән, би, домбыра және көркемсөз оқу үйірмелері жұмыс жасайды.
    Өткен жылы Жалаңтөс батырдың 440 жылдығына орай баһадүр есімін иеленген ауылды абаттандыруға аудандық бюджеттен 70,5 млн теңге   бөлінген болатын. Осы қаржыға салынған орталық алаң да осы күні пайдалануға беріледі. Жаңа орталық алау ауылдағы ескі клуб, балабақша, шаруашылық қоймасының орнына салынған. Сонымен қатар онда шағын демалыс орындары, балалар ойын және спорттық тренажер алаңдары,жарық шамдар, гүлзарлар, сахна орналастырылды.  


23 қазан 2017 ж. 1 103 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области