Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов денсаулық сақтау мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтергенін атап өтті.
– Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында қабылдаған бағдарламаға сәйкес бүгінде еліміз бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа нысандар салынып, халық игілігі үшін пайдалануға берілуде. Бүгін Ақжарма ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды. Ауыл тұрғындары жоғары сапалы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады. Осы сәтті пайдалана отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізген «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшыларына алғысымды білдіремін. Жаңа нысан құтты болсын,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Жаңа нысанның ашылу салтанатында денсаулық сақтау саласының ардагерлері А.Тоғызбаев пен Р.Есмахан сөз сөйлеп, халық денсаулығын нығайту бағытында жаңа нысанның салынуына қолдау көрсеткен атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын білдірді.
Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жемісті жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев соңғы бес жылда аудан бойынша көптеген жаңа нысандар салынғанын айтты.
– Сырдария ауданы бірнеше жыл қатарынан құрылыс алаңына айналып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аудандық бюджет есебінен де әлеуметтік нысандар салынды. Бір ғана Ақжарма ауылында биылдың өзінде жаңадан спорттық сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілуде. Бұл Елбасы саясатының жемісі, Тәуелсіздігіміздің арқасында келген игілік. Өздеріңізге белгілі, тіректі елді мекенде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Ауылдың кәсіпкер азаматтары да елді мекеннің дамуына атсалысуда. Жалпы, алғанда дамуы айшықты Ақжарма ауылы қай қырынан алсақ та өзге ауылдарға үлгі,- деді аудан басшысы Ғ.Қазантаев.
Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дәрігерлік амбулаторияның лентасы қиылғаннан кейін мәртебелі меймандар мен ауыл тұрғындары мекеме жұмысымен танысты.
Айта кету керек, ауданның денсаулық сақтау саласында ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері жұмыс жасайды.
Салада барлығы 728 маман, оның ішінде 76 дәрігер, 369 орта буынды қызметкерлер қызмет атқаруда. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан бойынша 393 нәресте дүниеге келді.



07 қыркүйек 2018 ж. 854 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области