МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК – БИЗНЕСТІҢ ӨРІСТІ ЖОЛЫ
Жалағаш ауданында ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылатын жобалар тізбесіне ауданнан 2 жоба енгізілді.
Біріншісі - жеке кәсіпкер Ғ.Сейтмұратовтың Жалағаш кенті Дәуімбай учаскесіндегі «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешені және екіншісі - Таң елді мекеніндегі «Таң ЛТД» ЖШС-нің 2 спорт ғимараты.
Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға «АХАТ ГС» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың шілде айында келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар, Мырзабай ахун елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға жеке тұлға Ж.Үмбетовтен ұсыныс түсіп, құжаттары әзірленді.