Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданында эпидемиологиялық ахуал қандай?

Жалағаш ауданында эпидемиологиялық ахуал қандай?


Kyzylorda-news.kz.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде Жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты мәжіліс өтіп, аудан әкімі Асылбек Шәменов індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Бүгінгі күнге ауданда коронавирус инфекциясымен 92 науқас тіркеліп отыр. Індет инфекциясынан бүгінде 63 науқас емделген. Ал, пневмония диагнозымен 129 адам тіркеліп, 65 науқас жазылып шықты.
Індетпен күресті жүйелі жүргізу үшін Мәдениет ауылдық ауруханасынан провизорлық және КВИ стационарлар ашылған. 20 орынға арналған аурухананың төсек қоры ұлғайып, 105-ке жеткізілді. Жалпы аудан бойынша 235 төсек қоры бар. Провизорлық стационарларды әлі де көбейту үшін аудандағы мектеп ғимараттарын пайдаланылу ісі шешімін тапты. Қажет болған жағдайда Жалағаш кентіндегі №246 орта мектеп ғимаратынан 80 адамға, «Ақтерек» сауықтыру лагерінен 50 адамға және Аққұм ауылдық ауруханасынан 20 адамға арналған провизорлық стационарлар пайдалануға беріледі.
Ауданда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және науқастардың тұрақты ем алуы үшін 4 мектептен емшара бөлмелері ашылып, халыққа қызмет етуде. Қазіргі күні ауданда 4 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істеп, 5 оттегі концентраты, 40 оттегі баллондары алынып, емдік шаралар жүргізілуде.
Ауданында 100 төсектік аудандық аурухана құрылысы басталған. Бұл ретте 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.
Мәжілісте аймақ басшысы аудан әкіміне дәріханалар мен ауруханаларға қажетті дәрі қорын бірнеше айға толықтыруды және дистрибьюторлармен келісімге келіп, халыққа аса қажет дәрілерді уақытылы жеткізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, стационарларды көбейтуді және ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Қажет болған жағдайда инфекциялық, провизорлық стационарлар жеткілікті болу керек. Алыс елді-мекендерде көмек көрсетуге мобильді топтардың санын көбейттік. Енді сапалы жұмыс жасаңыздар. Халықтың өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларын сақтауға насихаттайтын ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіңіздер. Әсіресе жерлеу рәсімдерінде адам көп жиналады. Сол себепті бір медицина қызметкерін бақылауға жіберіңіздер», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

23 шілде 2020 ж. 185 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области