Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласының эпидемиологиялық ахуалы бойынша мәжіліс өтті.
Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков пен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Коронавирус індеті бойынша осы уақытқа дейін Қармақшы ауданыныда 103 жағдай тіркелді. Оның ішінде 95 азамат емделіп шықты. Қалған 8 адамның 4-уі инфекциялық стационарда, 4-уі үй жағдайында емделуде.
Пневмония диагнозымен 349 науқас тіркелген. Оның ішінде 223 адам жазылды. Қалған 126 азаматтың 98 провизорлық стационарда ем қабылдаса, 28 жеңіл жағдайда болғандықтан үйде емделуде.
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы медициналық ұйымдарда 5 рентген аппарат, 11 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 18 оттегі концентраты, 110 оттегі баллоны бар. Мұнымен қоса, Қармақшы ауданына демеушілік есебінен 5 оттегі концентраты, ал, Байқоңыр қаласына 2 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) мен 5 оттегі концентраты жеткізіледі деп жоспарлануда.
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында қазіргі күні 30 инфекциялық, 220 провизорлық стационар ұйымдастырылған. Алдағы уақытта қажеттілік туындаған жағдайда қосымша Қармақшы ауданында 50 орындық, Байқоңыр кешенінде 50 орындық провизорлық стационар ашылатын болады.
Жиында облыс әкімі ауданда провизорлық, инфекциялық стационарларды көбейтіп, індетке қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
«Пневмания мен коронавирус індеті өршіп тұр. Тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін дәрілік заттардың, аппараттардың жеткілікті болуын қатаң бақылауға алыңыздыр. Провизорлық, инфекциялық стационарлардың санын көбейту керек. Жергілікті дәрігерлердің Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының білікті мамандарымен тәжірибе алмасуына жағдай жасалсын. Медицина мекемелерін қажетті заттармен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіңіздер. Денсаулық сақтау басқармасы жалпы облыс бойынша қосымша дәрігерлердің резервтік тобын жасақтап қойсын. Сақтық шараларын сақтауға шақыратын ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
22 шілде 2020 ж. 240 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области