Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сайлаубай Әбішев: Туысқандық, бірлік – біздің басты ұранымыз

Сайлаубай Әбішев: Туысқандық, бірлік – біздің басты ұранымыз

Kyzylorda-news.kz. Ел бірлігінің қайнар көзі - тұрғындардың татулық тірлігінде жатқанын әрбір еліміздің азаматтары білуі керек деп ойлаймын.
Елдегі орын алған қиын жағдайдан шығудың жолын ойластырып жатқан кезімізде, ұлтаралық қатынастарда жіберілген олқылықтарды тез уақыт аралығында шешу де оңай жұмыс емес. Әлеуметтік желіде гуілдеп жатқан Түркістан облысының Шорнақ ауылындағы жағдай қатты ойландырып тастады. Бізге тыныштық керек, ел азаматтарының ауызбіршілігі, ынтымағы керек, қай ұлт болса да, үлкен мен кішіге де қатысты пікірім.
Тағы да айтам, Қазақстан Республикасындағы Заң барлық адамдарға бірдей қызмет жасауы тиіс, ешкімге де жеңілдік жасалмауы керек. Демократия ұғымын желеу етіп, өзім не істесемде болады деген кейбіреулердің сөзі емес, ал оған еркіндік беріліп, қолдау көрсетілсе, онда елде анархияға жол берілді дей беріңіз.
Мемлекеттігіміздің ірге тасының шайқалуы қас-қағым сәтте болуы ғажап емес. Бауыржан атамыздың «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген ұлы сөзін ұмытпайық. Туысқан екі халықтың ортасына май шашып, от тастамайық, ағайын!

Сайлаубай Әбішев,
Қызылорда қаласы ардагерлер
және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
24 шілде 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области