Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Қызылордада кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Kyzylorda-news.kz. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала және ауылдық елді-мекендердегі кәсіппен айналысатын азаматтарға шағын несие беру үшін 3,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
«Бағдарлама аясында шағын несие кәсіпкерлерге 6 пайызбен 18 057 000 теңге көлемінде беріледі. Аталған сыйақы мөлшерлемесі көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жылына 4 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ, аймақта «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілердің 291 жобасы жүзеге асты», - деді Фердоуси Әбілқасымұлы.
Сонымен қатар, облысқа қосымша инвестициялар тарту арқылы экономикалық жағдайды жандандыру мақсатында «Қызылорда облысының экономикалық даму жоспарын іске асыру бойынша жол картасы» әзірленді. Аталған шара аясында инвестициялар тарту арқылы жаңа жобаларды іске қосу және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандардың қызметін ұлғайту бойынша 265 азаматқа қолдау көрсету көзделді.
Бұған қоса,кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервистік орталығы іске қосылды.
«Кәсіпкерлер палатасы мамандары кәсіпкерлерге, кәсіпкер боламын деген азаматтарға онлайн да офлайн да қызмет көрсетуде. Мысалы, « Бизнес-мектеп» компоненті бойынша 125 қызылордалық біліктілігін жетілдерді. Олардың 47-сі оқуды онлайн форматта аяқтады», - деді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
24 шілде 2020 ж. 184 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области