Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Маска тағыңыз» акциясы жалғасын тапты

Қызылордада «Маска тағыңыз» акциясы жалғасын тапты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы #МаскаТағыңыз үгіт-насихат шарасын өткізген болатын.
Мұндағы мақсат – көпшілік орында, көшеде бетперде таратып, халықты карантин тәртібін қатаң сақтауға шақыру. Өзіне және айналасындарға жанашыр болуды тағы бір мәрте еске салу және індеттің ары қарай өршіп кетуіне жол бермеу.
Осы орайда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен қала мен барлық аудандарда акция жалғасын тапты.
Шарада облыстық ҚХА жанынан құрылған волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған, Байқоңыр аудандары бойынша этносаралық қарым-қатынастар жөніндегі сарапшылар және аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған волонтер жастар белсенділік танытты.
Бұл күні ерікті жастар орталық алаңда, аллеяларда, Теміржол вокзалында, халық көп шоғырланатын жерлерге «Масқа Тағыңыз», «Денсаулығыңызды сақтаңыз» атты жазбалар қалдырды. Маска тағу, жеке гигиенаны қатаң сақтау адам саулығына маңызды екендігін көрсетті.

27 шілде 2020 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области