Қызылорда: 6 айда 5 пара беру ұсыну дерегі тіркелген
Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау шараларын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұдайы негізде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.Биылғы жылдың 6 айында полиция қызметкерлеріне пара ұсынудың 5 дерегі тіркеліп, орын алған деректер бойынша департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жеке тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабының /пара беру/ 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, заңды шешімдер қабылданған.
Осы орайда, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кескен Қызылорда ОПД-нің қызметкерлері департамент басшылығымен марапатталды.



























