Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада пара берген адам сотталды

Қызылордада пара берген адам сотталды


Қызылордада мемлекеттік қызметкерге пара ұсынған азаматқа сот үкімі шықты.
Биыл шілде айында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне 250 000 теңге көлемінде пара беру кезінде бір азамат ұсталды.
Белгілі болғандай, қомақты қаржыны Қызылорда қаласының территориясында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қамқоршылық жасау үшін ұсынған. Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен анықталған бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2 бөлімі, 2 тармағы және 367 бабы 2 бөлімімен тергеліп, сотқа жолданған болатын.

Бүгінде сот үкімі шығып, пара ұсынған азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан кейін ол мемлекеттік органдарда қызмет ете алмайды.
Айта кетейік, пара беру – жазасы ауыр қылмыстық әрекет, ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу және мүлкін тәркілеу жауапкершілігі қаралған.

28 қараша 2018 ж. 12 768 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области