Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?

Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?

Kyzylorda-news.kz. Карантин жеңілдетілгенімен, қызметі әлі де тоқтап тұрған салаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бірақ 42 500 теңге төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Десе де кейбір нысандар наурыз айының ортасынан бері жабық. Мәселен, кинотеатрлар, караоке, бассейндер және тағы басқа нысандар әлі ашылмады.
«Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қызметі тоқтап тұрған салаларды мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып жатыр. Сондықтан 42 500 теңгені төлеуді жалғастыру туралы мәселе қозғалып отырған жоқ», – деді Шапкенов баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай және қатаңдатылған карантин кезінде кірісінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге төленді.
19 тамыз 2020 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области