«Қайсар» кеншілерден басым түсті
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда футболдан ел біріншілігі қайта жалғасын тауып, IV тур ойындары Алматы қаласында өтті.
Бұл турда қызылордалық «Қайсар» кеншілермен кездесіп, 1-0 минималды есебімен жеңіске жетті. Қос команда алғашқы таймда шабуылға ден қойғанымен, қақпа саңылауын таба алмады. Ойынның екінші жартысында екі ұжым да ашық шабуылға көшіп, қауіпті сәттер ұйымдастыра білді.
Кездесудің 67-минутында «Қайсар» командасы есепті ашты.
Александр Станисавлевичтың айып алаңына асырған добына Александр Марочкин бірінші жетіп, командасын алға шығарды. Есеп 0-1!
Сусымалы есеп ойын соңына дейін сақталып, қасқырлар чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
3 ойын нәтижесі бойынша «Қайсар» 7 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде IV орынға жайғасты.