Қасқырлар қарсыласын қапы қалдырды
Kyzylorda-news.kz. Футболдан ел біріншілігінің 13 туры артта қалды. Екінші айналымның кезекті турында «Қайсар» «Ертісті» қабылдап 2-0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды «Қайсар» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесудің бірінші бөлігі ауа-райының қолайсыздығынан саябырзыдау өтті. Дегенмен алаң иелерінің гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Ойынның екінші жартысында Стойчо бапкер алаңға шабуылшы Игорь Зенковичты шығарып, шабуылға дем қосты. 46 минутта қарымта шабуылдың бірінде Тигран Барсегян гол соғып, командасын алға шығарды. Рас, бұл голдан кейін алаң иелері шабуылдарын үдетіп, «Ертістің» қақпашысы Антон Цыринды біраз қыспаққа алды. 84 минутта Асхат Тағыбергенның бұрыштамадан асырған добына Абдель Азиз Ламанж бірінші жетіп, кездесудің нүктесін қойды.
Қорытынды есеп 2-0! Енді «Қайсар» 16 маусымда түзде «Астанаға» қонаққа барады.