Қызылордада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тұрғындарға қажетті көмірдің 15% немесе 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов.
«Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен Қызылорда қаласында жүргізіліп жатқан 14 шақырым жылу жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары 62%ға орындалды. Жалпы қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Бүгінгі күнге коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81 %-ға орындалды»,- деді Руслан Аймырзаұлы.
Сонымен қатар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы 70% құрайды.