МӘМС жарнасынан босатылған ШОБ қызметкерлері қалай сақтануы керек?
Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар туралы мәліметті жаңарту қажеттігін еске салады.
«Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деп атап өтті «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Қызылорда облыс бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 71,3% – ы бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.
Бақыт Исмаханбетов алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін https://msb.fms.kz/login сілтеме бойынша өту керек екенін еске салды, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерге жолма-жол). Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту керек болады. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.
Егер кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы еске салуы керек.