Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта провизорлық стационар жабылып, соңғы науқас үйіне қайтарылды

Жалағашта провизорлық стационар жабылып, соңғы науқас үйіне қайтарылды

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылдық округіндегі ауруханада соңғы науқас емделіп шығып, провизорлық стационар жабылды.
Мәдениет ауылдық ауруханасынан провизорлық және КВИ стационарлар ашылып, 20 төсек орынға арналған аурухананың төсек қоры 105-ке жеткізілді. Індет өршіген кезде ақ халатты абзал жандар күні-түні көз ілмей еңбек етіп, науқастардың өміріне араша болды.
"Соңғы уақыттың ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы 2 науқасты шығарып, провизорлық стационарды жаптық. Енді бұл жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, аурухана халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады", – дейді провизор бөлімінің дәрігер меңгерушісі Әзизбек Жәмкеев.
Дәрігерлер провизорлық стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы 2 науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Емделіп шыққан азаматтар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысын білдіріп, қолдау шараларын танытқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

25 тамыз 2020 ж. 121 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области