FALCON ЖАҢА ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШЫ МАРСҚА ҰШТЫ
SpaceX компаниясының жаңа қуатты Falcon Heavy зымыран-тасығышы кеше, яғни 6 ақпанда ұшырылды. Сондай-ақ, Илон Масктың спорттық көлігінің де Марсқа ұшырылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Ең жаңа әрі ең қуатты зымыран-тасығыш кеше Астана уақыты бойынша сағат 0.30-да Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. Метеорологтар зымыран ұшыру кезінде ауа райының 80 пайызға қолайлы болғанын айтады. Еске сала кетейік, жақында Илон Маск Instagram желісіндегі парақшасында Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыш көрсетілген видеоролик жариялаған болатын. Айта кетейік, Falcon Heavy – Falcon 9 базасында жасалады. Ол басқарылатын Dragon V2 кемесіне тасымалдаушы болады, онымен ғарыштық туристер ай орбитасымен ұшып өтеді. Сонымен қатар, ракета Марсқа Масктың жеке көлігі Tesla Roadster-ді жібереді. Тасымалдаушы 63,8 тонна жүкті жеткізе алады, оны ұшырудың құны – 90-120 миллион доллар.