Қызылорда: Мемлекеттік бағдарламалар аясында білім нысандары жөндеуден өтуде
Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарлама аясында қалалық білім бөліміне қарасты №43,112,173 мектептері мен «Жұлдыз» балабақшасы қайта жаңғырту жұмыстарынан өтті.
Сонымен қатар №23 мектеп пен Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы арқылы Ақсуат ауылдық округіндегі №143 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, «Бәйтерек» шағын ауданынан 600 орындық мектеп, «Саяхат», «Сырдария» мөлтек аудандарда жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.
Бағдарлама аясында Ақсуат ауылдық округіндегі және Белкөл кентіндегі бірқатар білім беру нысандарында жүріп жатқан жұмыстардың барысымен БАҚ өкілдері танысты.
Айта кету керек, аталған жоба аясында 523 жұмыс орны ашылған. Жөндеу жұмыстары аясында мектеп шатыры, фасады, терезелері, ішкі/сыртқы қабырғалары мен едендері және есіктері, кәріз жүйелері жаңалануда.
Жалпы, жаңа оқу жылында қаладағы 50 мектеп қашықтан оқыту форматында, ауылдық 4 мектеп барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі оқыту жоспарлануда.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жөндеу жүріп жатқан 2 білім нысаны кезекші сыныптарды 2-тоқсаннан бастап қабылдамақ.