Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы аумағында ұзындығы 694 шақырымды құрайтын 823 көше бар.
Оның ішінде ұзындығы 390 км асфальт, ұзындығы 172 км тас жол және ұзындығы 132 км топырақты жол бар.
Сонымен қатар, 77,9 км болатын автомобиль жолдары бар. Оның, 29,1 км асфальтты, 47 км қарақиыршықтасты, 1,5 км қиыршықтасты және 0,26 км топырақты жол болып табылады.
2019 жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы-81% немесе 63,1 км және қанағаттанарлықсыз 19 % немесе 23 км болды.
2020 жылы барлығы 146,4 км жолдар мен көшелеріне (1,5 км - аудандық маңызы бар жолдарын және 144,9 км - көше) жолдары жөндеуден жүргізілді.
Атап айтқанда:
«Өнірлік даму» бағдарламасы бойынша – Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды жол құрылысы 4,6 км.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша барлығы 109,9 км болатын 144 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- Қызылорда қаласындағы 109 көше (78,2 км) орташа жөндеу;
- Қызылорда қаласы С. Бейбарыс көшесі бойындағы орналасқан көпірдің су ағарына күрделі жөндеу;
- Тасбөгет кентіндегі Батыршаев, Сырдария, Бакишов көшелеріне күрделі жөндеу (3,6 км).
- Тасбөгет кентіндегі Әбенов көшесін орташа жөндеу (2,0 км);
- Бәйтерек шағын ауданына кірме жолын орташа жөндеу (1,8 км);
- Бірқазан елді мекеніне кірме жолды орташа жөндеу (1,2 км);
- Талсуат елді мекеніндегі 2 көшеге орташа жөндеу (2,7 км);
- Белкөл кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу (3,15 км);
- Қызылөзек ауылдық округіндегі 2 көшеге орташа жөндеу (4 км);
- Ақжарма ауылдық округіндегі 6 көшеге орташа жөндеу (4,2);
- Қосшыңырау ауылдық округіндегі 3 көшеге орташа жөндеу (1,9 км);
- Қызылжарма ауылдық округіндегі 11 көшеге орташа жөндеу (6,9 км) жүргізіледі.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақсуат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 12,4 км болатын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы жалпы ұзындығы
22,2 км болатын 36 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 82% жеткізу жоспарлануда.