Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданының ұстаздары марапатталды

Сырдария ауданының ұстаздары марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Білім күні мерекесі қарсаңында қашықтан оқытуда шығармашылықпен айналысып жүрген аудан ұстаздары марапатталды.

«Жаңа оқу жылына — жаңа бастама» тақырыбындағы шарада Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева аудан ұстаздарын мерекемен құттықтады.

«Білім – ырыстың тізгіні» дегендей, ұстаздар әрқашан балаларды оқытуда белсенді. Елімізде індет таралғанда мұғалімдер шәкірттеріне қашықтан білім беріп, оқу жылын абыроймен аяқтады. Жаңа оқу жылында да осы жүйе сақталып, білім қызметкерлеріне зор жауапкершілік артылмақ. Осы орайда, ұстаздардың құқықтары «Педагог мәртебесі» Заңында толықтай қарастырылғанын атап өткен жөн. Мұғалімдерге әркез қолдау көрсетіледі", – деді комитет төрайымы.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Қалихан Омаров алдағы жаңа оқу жылына дайындық барысын айтты.

"Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылып оқытылады. Ал жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алады. Негізінен оқушы саны аз және интернет желісінің жиілігі төмен елді мекендердегі білім ошақтарында дәстүрлі түрде сабақ өткізіледі. Ауданда жаңа оқу жылында 2 мектепте дәстүрлі сабақ басталады. Атап айтқанда, Іңкәрдария ауылындағы №191 орта мектеп пен Жетікөл ауылындағы №174 орта мектепте санитарлық талаптар сақтала отырып, сабақ процесі жүреді", – деді бөлім басшысы.

Іс-шарада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауданның білім қызметкерлеріне 24 ноутбук сыйға берілді. Сонымен бірге білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Қалихан Омаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар білім саласын өркендету жолында елеулі еңбегімен танылған бірқатар ұстаздарды «Құрмет громатасымен» марапаттады.

Кездесуде білім саласы қызметкерлерінің Жастар кеңесі жұмысы жоғары бағаланды.

27 тамыз 2020 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области