Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда жас педагогтар басқосты

Сырдарияда жас педагогтар басқосты

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагерінде аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Жалындаған жастық – жаңа белес» тақырыбында жас педагогтардың жазғы лагері өтті.

Ауданның 60-қа жуық белсенді жас педагогы өзара тәжірибе алмасты. Олар алғашқы күннен білім саласындағы жаңашылдықты таразылап, оның қыр-сырын меңгерді. №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі Н.Баймырзаев «Шаршама тек шаршама» тақырыбында трениг өткізді. Мұнда педагогтарды үш топқа бөліп, түрлі бағыттағы біліктілігін сынады. №130 Абай атындағы орта мектеп мұғалімі М.Тыныштықбаев «Ұстаз тұлғасы» тақырыбындағы тренингте педагогтың тұлғалық қасиетіне тоқталды. Ұстаз мәртебесі, мұғалімнің оқушыға үлгі болуы жөнінде айтты. Білім саласының сан түрлі мамандығын игерген әрбір мұғалім жаңашылдыққа бетбұрыс жасай отырып, өзін жан-жақты дамыту керектігі қозғалды. Келесі кезекте №135 Асқар Тоқмағанбетов атындағы орта мектеп мұғалімі Н.Омарова «Жалынды жастар – бірге» тренинг ұйымдастырды. «Жастар» жылында педагогтардың белсенді жұмысын жетілдіру талқыланды.
«Жастары белсенді елдің – ертеңі жарқын» деп аталатын дебатта жас педагогтар әрбір қазақстандықтың бойындағы патриоттық сезімді ояту үшін жасалатын адами құндылықтарды тілге тиек етті. Әрбір жас ел болашағының тұтқасына айналу қажеттігіне тоқталып, оны қалыптастыру ұлы мамандық иелерінің басты міндеті екенін айтты.
Сондай-ақ ұстаздар алдағы уақытта қабылданатын «Мұғалім мәртебесі» Заңының артықшылықтарына тоқталды. Оқушыны білім нәрімен сусындатқан мұғалімнің материалдық, әлеуметтік, моральдік қажеттілігі жетілгенде білім беру ісі жоғарыламақ. Ұстаз мәртебесін көтеріп, жағдай жасау айрықша серпін берері сөзсіз.
Күні бойы білім саласындағы жаңашылдыққа басымдық берген жас педагогтар кешкілік «Red bum», «Drive», «Beeline» тобына бөлініп, концерттік бағдарлама ұсынды. Аудандық білім саласы кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Есназар сөз алып, жаңа оқу жылында ауданның белсенді педагогтарына толағай жетістікке жетуге тілектестік білдірді. Сонымен қатар, екі күнге созылатын шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай шараның жас ұстаздарға берері мол екендігін жеткізді. Өз кезегінде өнерпаз ұстаздар би билеп, ән айтты.
Белсенді жастардың басын қосқан лагердің екінші күнінде спорттық, эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Ауданның жас педагогтары «Таза үй, таза аула, таза ауыл» акциясы барысында лагерь ауласына тазалық жұмысын жүргізді. Екі күндік лагерь жұмысының қорытындысында жас педагогтар бірнеше номинация бойынша марапатталды.
13 қыркүйек 2019 ж. 340 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области