«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА– 2018»:ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында педагогикалық шеберлікті жетілдіру және тәжірибе алмасу, озат тәжірибені тарату мақсатында “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсын өткізді.
Сыр өңірінен 6 мұғалім қатысып, 2 мұғалім жеңіс тұғырынан көрінді.
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі Жүсіпәлі Дінисламов «Марафон» тақырыбында авторлық бағдарламасымен І орынды иеленсе, қаладағы №138 орта мектеп мұғалімі Әсем Пірімова «Мәтін лингвистикасы» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Мамзадаева, Қармақшы ауданындағы №109 мектептің математика пәні мұғалімі Әлима Нұржанова, Шиелі ауданындағы №47 мектеп ұстазы Шолпан Смайлова «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Өз ісінің шебері» номинациясымен марапатталды.