Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ

ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


Ұстаздар күні қарсаңында Астана қаласында республикалық «Үздік педагог-2018» республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәнінің эксперт мұғалімі Дариха Мұнарбаева жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ұстаз «Үздік педагог-2018» атағына ие болып, 2,4 млн тенге сыйақыны иемденді.
Аталған конкурс қоғамдағы мұғалім әлеуетін көтеру үшін 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл конкурсқа үміткерлер саны 4000-ға жеткен. Конкурс талабына сай келген орта мектептерден 48 мұғалім және 16 колледж оқытушысы ақтық мәреге жетіп, жеңімпаз атанды.Жеңімпаздардың бірі - Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәнінің эксперт мұғалімі Дариха Мұнарбаева.
Ол білім саласында 30 жылдан аса уақыт еңбек етіп келеді. Шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Қалалық «Үздік педагог-2011», «Үздік мектеп директоры-2002» және мұғалімдер арасында өткізілген бірнеше пәндік олимпиадалардың жеңімпазы. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін бірнеше дүркін Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Өмір бойы оқуды ұстаздық ұстаным ретінде қабылдаған ұлағатты ұстаз халықаралық конференцияларға қатысып, білімін жетілдірудің негізінде кәсіби деңгейінің шарықтауына жол ашты. Еңбектенуге ден қойған Дариха Абсаматқызы «Action Research», «Lesson Study» жобалары аясында аянбай еңбек етіп, бірнеше әдістемелік құралдардың авторы атанған.




04 қазан 2018 ж. 1 185 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области