«Құпия пациент»: Қызылордада медицина қызметкерлері біліктілігін арттыруда
Kyzylorda-news.kz. Аймақтағы медициналық ұйымдарға белгілі бір уақыт аралығында құпия пациенттер арқылы тексерілетіндігі ескертілген. Жоба қарсаңында медициналық ұйымдардың қызметкерлері оқытылды.
«Филиал қызметкерлері тұрақты түрде каскадты әдіспен медицина қызметкерлерін оқытуда. Осылайша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі – МӘМС) мәртебесін анықтайтын, «сақтандырылған» мәртебесін берудің, медициналық қызметтерді қашықтан алуға және т.б. алгоритмдерін жасады. Сонымен бірге, медициналық ұйымдардың қызметкерлері «Saqtandyry» ақпараттық жүйесін, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі-ТМККК) және МӘМС медициналық қызметтер пакеттерінің түрлері де оқытылды. Айта кету керек, аймағымызда 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының әрқайсысында арнайы МӘМС-ке байланысты туындаған сұрақтарға толық ақпарат беру үшін бекітілген 5 жауапты қызметкерлері (бұдан әрі – «бестіктер») оқытылды. Олар өз кезегінде өз ұжымдарында оқыту өткізеді. «Құпия пациент» жобасының нәтижелері бойынша «бестіктердің» жұмысы күшейтілді», – деп атап өтті Медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Тексеру барысында ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсету саласындағы білімі мен дағдылары бағаланды. Белгілі бір сценарийлерге сәйкес құпия пациенттер медициналық мекемелерге қоңырау шалу арқылы жүргізілді. Тексеру аяқталғаннан кейін арнайы бланкілерді толтырылды, онда барлық ескертулер мен бағалар енгізілді. «Құпия пациент» тексерістерінің нәтижелері медицина қызметкерлерін жазалау мен жұмыстан шығаруға негіз болмауы тиіс, – деп атап өтті филиал директоры.
2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым, 27 жеке меншік.