Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алғаш рет АИТВ жұқтырған науқас аурудан өздігінен жазылып кетті

Алғаш рет АИТВ жұқтырған науқас аурудан өздігінен жазылып кетті

Kyzylorda-news.kz. Калифорния тұрғыны 66 жастағы Лорин Уилленберг ағзасы 30 жыл ішінде АИТВ-мен өздігінен күресе алған алғашқы адам болды.

Оған қатерлі диагноз 90-шы жылдардың басында қойылған. Бұл туралы Daily Mail зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Деректерге сүйенсек, әйел адам вирустан сауығу үшін ешқашан дәрі ішпегенін алға тартқан. Дәрігерлер оның ағзасы табиғи жолмен күрескенін айтуда.

Зерттеушілер Уилленбергті бірнеше жыл бойы бақылауда ұстаған. Өйткені оның иммунитеті вирусқа қарсы тұра алатындығы байқалған. Зерттеуге одан басқа тағы 63 адам қатысты, себебі олар ем қабылдамаса да, ағзасындағы вирустық жасушалар көбейе алмаған.

Алайда, ең таңқаларлығы диагноз қойылған сәттен бастап отыз жылдай уақыт өткен соң Лорин Уилленберг ағзасында АИТВ-ның іздері жоқтың қасы. Стандартты тестілер арқылы одан ауруды анықтау мүмкін емес. Мамандардың айтуынша, бұл оның функционалды түрде емделгендігін көрсетеді.

Уилленбергті енді АИТВ-дан жазылған науқастар қатарына қосуға болады. Бұл тізім өте қысқа, онда үш адамның ғана есімі бар.

28 тамыз 2020 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области