Мемлекеттік сатып алулар электронды дүкен арқылы жүргізілмек

«Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығында бір көзден алу негіздемелері азайды. Үстіміздегі жылдың тамыз айында 119 сатып алудың 75-і жарияланды, ал қалған 44-і бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста жалпы жарияланған сатып алу сомасының 85 пайызын құрайтын 416 конкурс ұйымдастырылып, қарастырылған бюджеттің жарты бөлігі үнемделді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу орталықтандырылған түрде бір жерден өткізілуде. Бұл кәсіби мамандарды бір ортаға жұмылдырып, тиісінше сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталады», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық.
