Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова мәлімдеді.

"Заңдағы түзетулер 3 бөлімнен тұрады. Біріншіден, сатып алу рәсімдерін жеңілдету үшін баға ұсыныстарын сұратуда тапсырыс берушілерге тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық берілді. Екіншіден, өнім берушілердің біліктілігін арттыруда «қаржылық тұрақтылығы» белгіленді. Ол құрылыс саласында сатып алуды алдын ала іріктеумен ғана жүргізу арқылы құрылысты тездету әрі сапасын арттыру көзделеді. Үшінші түзету, сатып алулар өткізілмесе, оларды қайта өткізу міндеті қойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты алса да, сотталғандарды жұмысқа тартпай, барлық жұмыстарды қосалқы мердігерлерге берген «Еңбек» кәсіпорындарына қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салынды", - деді Ж.Ерсейітова.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігі 1 наурыздан күшіне енетін облыс және қала, аудандық деңгейде өткізілетін сатып алудың Тізбесін жасақтауда. Бұл мамандарға үлкен талаптар қойып отыр.
29 қаңтар 2019 ж. 483 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области