Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент: Ештеңені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпаратты ашық жарияладық

Президент: Ештеңені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпаратты ашық жарияладық

Kyzylorda-news.kz. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмысы орындарын және халықтың табысын сақтал қалу. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Миллионннан астам азаматқа азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы «Нұр-Отан» партиясы Төрағасының бастамасымен 550 мыңнан астам отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғанын баса айтты.
«Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткізіп жатыр. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы азаматтарда еш нәрсені жасырмай, інеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жариялады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
01 қыркүйек 2020 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области