«Мектепке жол»: Қызылордалық балаларға планшет тарту етілді

Жаңа оқу жылының қарсаңында өткізілген игі шара аясында Сыр мешіттері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, кеңсе дүкеніне сертификаттар және қашықтықтан білім алуға арналған смартфондар мен планшеттерді тарту етті.
Қайырымдылық шарасында көмек алған балалар Бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған имамдар мен ерікті жамағаттарға шексіз алғысын білдірді.


