Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде 167 мыңнан астам адам сақтандырылмаған

Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде 167 мыңнан астам адам сақтандырылмаған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) 167 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Көбіне Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және Қазалы ауданында. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен МӘМС мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырысында хабарлады.

Филиал директорының айтуынша, 12 245 адам емханаларға тіркелмеген және 4 534 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өзектендірілмеген.

Сонымен бірге, аймақта ШОБ жұмыскерлерін міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту деңгейі төмен. ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 20 сәуіріндегі №224 Қаулысында көрсетілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес кейбір шағын және орта бизнес субъектілері міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдар төлеуден босатылады.

«Бүгінгі таңда өңірдегі барлық 7 ірі кәсіпорынның жұмыс берушілері 1 216 қызметкердің тізімін өзектендірді. Жұмыс берушілерге «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне 4 464 ШОБ субъектісі қызметкерлерінің мәліметтерін енгізуі қажет. Жалпы, аймақта шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 268 қызметкері МӘМС төлемдерінен босатылды», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ШОБ қызметкерлерінің медициналық көмек алу құқығын ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартуды тапсырды. Осыған байланысты, жұмыс берушілер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің ЖСН-ін тіркеуі қажет. Ол үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өтіңіз. Сондай-ақ, тіркеуді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.

«Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» қосымшасында сіз кеңес ала аласыз, шағым жолдай аласыз, алғыс білдіре аласыз, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, сақтандыру мәртебесін тексере аласыз, МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз. Алайда, мобильді қосымшаны жүктеу мониторингі көрсеткендей, өңірдің 79 047 тұрғынының (20-59 жас аралығында) «Qoldau-24/7» – ге тек 655 адам тіркелген», – деп хабарлады филиал директоры.

Сонымен қатар, Бақыт Торғайбайұлы басқа да өзекті мәселелерге назар аударды. Сонымен, Байқоңыр қаласында РФ-да мүгедектік алған ҚР мүгедектеріне сақтандыру мәртебесін беру туралы мәселе шешілген жоқ.

Аймақтың жоғары оқу орындары мен колледждері медициналық сақтандыру қорына өз студенттерінің, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, шетелде оқитын студенттер туралы мәліметтерді ұсынбайды. 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған адамдар туралы ақпаратты беру бойынша интеграция жоқ. «Тұлғаларды есепке алу жүйесіне» ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және қорғаныс департаменттерінің қызметкерлері туралы мәліметтер толық көлемде енгізілмейді. Бухгалтерлер еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық демалысы кезінде қызметкерлерге медициналық сақтандыру бойынша жарналарды есептеу кезінде қателіктер жібереді, сондай-ақ қызметкерлер жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде дербес төлеуші ретінде жарна төлемейді және тағы басқа мәселелер.

Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша облыс әкімі тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.
03 қыркүйек 2020 ж. 209 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области