Өткен тәулікте Қызылордада бірде-бір адам коронавирус жұқтырмады

Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Шығыс Қазақстан облысында (14) көп тіркелді. Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.
Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен Атырау облысы (10 931) алда тұр.
Елде ауырғандардың жалпы саны 106 032 адамға жетті. 97 967 науқас жазылып, 1 588 адам қайтыс болды.