Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҮЙ САЛЫНАДЫ

КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҮЙ САЛЫНАДЫ


    Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
    "Шиелі ауданындағы өзекті мәселенің бірі – тұрғын үй. Бүгінде 670 шиелілік тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі таңда жобалық құны 825 млн. теңгенің 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құжаттары республикалық бюджеттен қаржы алуға жолданды. Ендігі кезекте 18 пәтерлі 1 тұрғын үйдің, «Береке» шағын ауданынан қолжетімді 25 тұрғын үйдің, «Ақ Орда» шағын ауданынан қолжетімді 34 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттарын толық бітіріп, республикалық бюджеттен қаржы алуға бюджеттік өтінім тапсыруға жұмыс жасалуда", - деді аудан әкімі.
    Биылғы жылы жеке инвесторларды жаңа құрылыстар салуға тарту бірінші кезекте тұр, сондай-ақ бюджеттен қаржысы бөлінген инфрақұрылым, ауыз су құрылысы, мектеп және клубтардың құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын наурыз айына дейін толық бітіріп, республикалық бюджеттен қаржы алу жұмыстары жеделдетілетін болады.

07 ақпан 2018 ж. 762 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области