ШИЕЛІДЕ НЫСАНДАР ГАЗДАНДЫРЫЛУДА
Бүгінге күнге Шиелі кентінде 5600 үйдің 3377 өтініші тіркеліп баспанасына газ кіргізуге өтініш беріп, оның 3274-ы бүгінде газ пайдаланып отыр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жергілікті бюджеттен 92 млн. теңге қаржы бөлініп, 20 бюджеттік мекемелердің және 3 қызметтік үйдің бу қазандықтары газға ауыстырылды. Сонымен қатар, кент орталығындағы 8 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын газға ауыстыру үшін жоба сметалық құжаттары жасалып, сараптамадан өткізілуде.
Кенттегі 26 ірі кәсіпорын мен 110 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 89-на газ қосылған.