Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жандос Тұсмағамбетов: Өңірдегі білім сапасы бақылауда

Жандос Тұсмағамбетов: Өңірдегі білім сапасы бақылауда

Kyzylorda-news.kz. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір екендігі сөзсіз.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. 2020-2021 жаңа оқу жылының қашықтан басталуы білім саласына айтарлықтай жаңашылдықтар енгізді.

Бүгінгі күні білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің сапасын жоғарылататыны сөзсіз.

Жаңа оқу жылында онлайн білім алуды іске асыру шеңберінде Қызылорда облысының білім басқармасына білім алушыларды компьютерлер, ноутбуктар және планшеттермен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 22870 дана құрылғы алу үшін 3 456,4 млн. теңгеге бөлінді, аталған қаражат 3706 бірлік компьютер, 14362 бірлік ноутбук және 4802 планшет сатып алуға бөлінген.

Сатып алынатын техникалардың сапалы болуы мен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізде ведомствоаралық жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ жетекшісі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Байқадамов, топ мүшелері: «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов, облыстық арнайы мониторингтік топ жетекшісі Л.Бақтыбаева, қоғам белсенділер және облыстық басқарма мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары.

Жұмысшы топ жаңа оқу жылының басталуына дейін тамыз айында бірнеше отырыс өткізіп, компьютерлік құрылғылардың техникалық ерекшеліктері, сатып алу жолдары мен мезімдері талқыланды. Жұмысшы топтың шешімі бойынша білім алуышыларға берілетін техникалық құрал жабдықтарды өңірімізге тасымалдайтын өнім беруші анықталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Білімнің заман талабына сай және сапалы болуы барлығымыздың ортақ міндетіміз!

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,

«Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі.
07 қыркүйек 2020 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области