Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, "Ренессанс" агенттігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А. Аймаганбетовтың қатысуымен 2017-2018 оқу жылының қорытындылары бойынша «Критериалды бағалау жүйесі: тәжірибе, мәселелер, келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.
Бұл іс-шара жаңа форматта өтті. Фасилитацияланған сессия, шеберлік сыныптары және жұмыс топтары әрбір қатысушы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін белсенді талқылауға, өз ойын ашық айтуға мүмкіндік береді.
Фасилитатор ретінде «Ренессанс» агенттігінің негізін қалаушы және басқарушы серіктесі, бизнес-әкімшілік жүргізу магистрі бизнес – тренер Светлана Крутских (Алматы қ.) шақырылды.
Семинар-тренингте білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мектеп үйлестірушілері, 5-ші және 7-ші сыныптарда жұмыс істейтін педагогтер, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, облыстық/қалалық/ аудандық әдістемелік орталықтар мен кабинеттер басшылары, білім бөлімдерінің мамандары жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу және критериалды бағалау кезіндегі қиындықтар және қорытындылар талқыланды.
Семинар-тренингтің жұмысына «Күнделік.кz» электронды журналының әзірлеушісі қатысты.
Атап өту керек, білім мазмұнын жаңартуға және жаңа бағалау жүйесіне көшу, мұғалімдердің пікірінше, оқыту процесіне әсерін тигізді, мұғалімдердің шығармашылық қызметін жандандырды, мұғалімдердің пайдаланатын технологиялары және оқыту әдістемесіне сан алуан өзгеріс енгізді. Біртіндеп ата-аналар да жаңартылған білім мазмұнының және жаңа бағалау жүйесінің артықшылықтарын көре бастады.
Білім беру мазмұнын жаңарту және бағалаудың жаңа жүйесі бойынша нормативтік құқықтық және әдістемелік-нұсқаулық актілерді жетілдіру жалғасуда.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім сапасының оң динамикасын көруге болады.
Семинар- тренинг барысында келесі сұрақтар талқыланды:
1. Критериалды бағалауды енгізуде сіз бүгінгі таңда педагогтарды әдістемелік сүйемелдеудің қандай мәселелерін көресіз?
2. Бүгін критериалды бағалауды енгізуде мектептің, оның ішінде ШЖМ-де үйлестірушінің жұмысында қандай проблемалар бар? Жаңартылған білім беру және бағалаудың жаңа жүйесін енгізуге байланысты білім сапасы қалай өзгерді?
3. Сіз бүгінгі таңда критериалды бағалауды және электрондық журналды жүргізуді нормативтік қолдаудың қандай өзекті мәселелерін көріп отырсыз?
4. Бүгін критериалды бағалау жүйесі бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында қандай проблемалар бар?
Елімізде енгізіліп отырған білім беру мазмұнын жаңартуға және бағалаудың жаңа формасына көшу педагог кадрларды сапалы қайта даярлауды талап етеді. Білім беру жүйесінде болып жатқан процестер туралы ақпараттандыру бойынша ата-аналармен жұмыс жайында сұрақтар көтерілді, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу кезіндегі проблемалар мен қиындықтар талқыланды. Семинар-тренинг барысында осы және басқа да көкейкесті мәселелер талқыланып, қатысушылар одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірленді.





18 маусым 2018 ж. 1 058 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области