Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА

ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА


     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  ұйымдастыруымен «Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаның оқу мен оқытудағы ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
    Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары, Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласы филиалының тренерлері, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, Қызылорда қаласы бойынша 54 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
    Шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары С.Серікбаев кіріспе сөзбен ашты.
    Семинар барысында жаңартылған білім мазмұнын ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне, технологияларына арналған «Жаңаша оқыту – заман талабы» көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1-сыныпта ағылшын тілі мен сауат ашу, 2-сыныпта математика мен орыс тілі, 5-сыныпта ағылшын тілі мен информатика, 7-сыныпта қазақ тілі мен биология пәндерінен кіріктірілген сабақтар көрсетілді.
    Іс-шара соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ж.Жубауова мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына шеберлік сынып, тренинг өткізді.



06 наурыз 2018 ж. 1 091 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области