Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенат депутаты Жалағаш ауданына барды

Сенат депутаты Жалағаш ауданына барды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Гиният Ажар жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
Жұмыс сапарын Жалағаш ауданынан бастаған меймандар аудандағы аурухана құрылысымен және аудандық емхананың күзгі дайындығымен танысты.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Баян Бурамбаева Жалағаш аудандық ауруханасының эпидемияға қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндады.
Жалағашта коронавирус инфекциясына қарсы күреске барлығы 182 қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер, 138 орта буынды қызметкер, 20 кіші аяжан жұмылдырылды. 8 мобильді топ құрылып, мобильді топпен орындалған шақыртулар саны 960 болды.
Айта кету керек, наурыз-шілде айында медицина қызметкерлеріне 65 млн теңге көлемінде үстемақы төленді. Қазіргі таңда ауданда 4 өкпені жасанды желдету аппараты, 28 оттегі концентраторы бар. Бір айта кетерлігі ауданға қарасты барлық емханадағы шақыртулар саны 90 пайызға төмендеген.
08 қыркүйек 2020 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области