Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада коронавирустан 1663 адам емделіп шықты

Қызылордада коронавирустан 1663 адам емделіп шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2541 адам тіркелді. Оның 1663-і емделіп шықты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов баяндады.
"Өңірде вирус өршіген кезде жедел жәрдем қызметіндегі бір бригадаға 38-36-ға дейін шақыртулар түссе, қазір 16-18-ге азайды. Ал науқастардың көбейген кезінде қалалық аруханаларда оттегі баллондарын пайдаланушылар саны 170-ке жетсе, қазір 70 баллонға кеміді. Мемлекеттік бюджеттен және жеке кәсіпкерлердің есебінен 112 оттегі концентраторы алынды. Оған қоса көрші мемлекеттерден де гуманитарлық көмектер келді. Оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар және қорғаныш құралдары бар",- деді басқарма басшысы.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен "Коронавирусты инфекциясына байланысты эпидемияға қарсы шаралар жоспары" бекітілді. Аймақ бойынша жоспарда көрсетілген шараларды бағалайтын 18 индикатордың 12-не қол жеткізілген. Ал қалған 4 индикатор төсек санын көбейтуге және ПТР анализдеріне, реанимациялық төсек орындарының, жасанды өкпе желдеткіш аппаратына байланысты болып отыр.
"Қазіргі таңда, бұл мәселеге байланысты конкурс жүргізілуде. Мұнан өзге, жұмыс істеп тұрған жасанды өкпе желдеткіш аппараттарының саны 64 болса, қазір 99- ға жетті»,- деді бас дәрігер.
24 шілде 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области