Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Kyzylorda-news.kz. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы Байқоңыр ғарыш айлағында «Боран» орбиталық кемесі ұшырылған алаңның кейбір жабдығын Қазақстанға беруге ниетті. Бұл туралы Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik.
«Байқоңыр ғарыш айлағының №110 алаңында «Энергия» зымыран-тасығышының ұшыру кешені орналасқан. Нысан Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мекемесіне қарасты «Южный» ғарыш орталығының қарауында және оны осы орталық күзетеді. Қазір ол пайдаланудан шығарылды. Алаңда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ», – деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүріп жатыр. Ұсыныс қазақстандық тарапқа жіберілді.
№110 алаң айға ұшырылатын кеңестік Н-1 зымыраны үшін қолданылған. Кейіннен оны «Буран» ғарыш кемесімен бірге аса ауыр «Энергия» зымыранын ұшыру үшін қайта жасап шығарды.
Ресей ғарыш айлағын Байқоңыр қаласымен бірге 2050 жылға дейін жалға алған. Жалдау құны – жылына 115 миллион доллар.
08 қыркүйек 2020 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области