Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның барлық өңірінде жазықсыз сотталу оқиғасына жол бермейтін пилоттық жоба іске қосылады

Қазақстанның барлық өңірінде жазықсыз сотталу оқиғасына жол бермейтін пилоттық жоба іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Бас Прокуратура.

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Бұл жоба Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізілуде.

Пилот барысында келісу электронды форматта жүргізіледі, бұл бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етеді және жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.

Қазіргі уақытта мұндай механизм Павлодар облысы мен ШҚО-да сынақтан өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап оған еліміздің барлық өңірлері қосылады.

Осыған байланысты аумақтық прокуратуралар басшыларына заңдылықты бұзудың жолын кесу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде толық шаралар қабылдау туралы міндет қойылды.

Сонымен қатар, сапар аясында Бас Прокурор облыс әкімі және өңірдің құқық қорғау органдарының басшылық құрамының қатысуымен қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
08 қыркүйек 2020 ж. 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области