Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар іске қосылады

Қызылордада туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд. 361 млн. теңгені құрайтын 30 нысан жұмыс істеп тұр. Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қолданыстағы 30 нысанның 23-і «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды іске қосу жоспарлануда.
Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда жылына 250 – 500 мың аралығында туристерді тартатын болады деп күтілуде.
09 қыркүйек 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области